Бұрын дәстүрлі түрде жасырылып келетін қылмыстарды тіркеу нәтижесінде еліміздегі тіркелген қылмыс көрсеткіші 48,8 пайызға артқан

АСТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат - 2012 жылдың 10 айында еліміздегі тіркелген қылмыстар деңгейі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 48,3 пайызға (159 592-ден 236 688-ге), оның ішінде ауыр қылмыстар 8,8 пайызға (23 478-ден 25 542-ге) өскен. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

«Қылмыстың бұлайша өсуі жалпы алып қарағанда түсінікті, өйткені олар бұрын дәстүрлі түрде жасырылып келген қылмыстар есебінен болып отыр. Мәселен, ұрлық 58,9 пайызға (92 885-тен 147 558-ге), бұзақылық 87,2 пайызға ( 7421-ден 13 892-ге), аляқтық 57,8 пайызға ( 11 393-тен 17 975-ке), тонау 21,8 пайызға (13 976-дан 17 026-ға) артқан. Қылмыстардың бұл түрлері жалпы тіркелген қылмыстылықтың негізгі бөлігін - 83 пайызын құрайды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Бұдан бөлек, қылмыстардың құрамындағы аса ауыр қылмыстар үлесі - 1,1 пайызды (2617), ауыр қылмыстар - 10,8 пайызды (25 542), ауырлығы орташа қылмыстар - 79,7 пайызды (188 615), ауыр емес қылмыстар 8,4 пайызды (19 914) құраған.

Осылайша, прокуратураның хабарлауынша, қылмыстылықтың өсуі еліміздің барлық өңірлерінде байқалған. Мұны осы жылдың 1 қаңтарынан бастап құқық қорғау органдарында өтініштер мен хабарламалардың барлық түрлерін бірыңғай тіркеудің енгізілуімен, сондай-ақ қылмыстардың, оның ішінде көрсеткіш қууға, соған орай қылмыстарды жасыруға алып келетін орташа және ауыр емес қылмыстардың жалпы ашылуына бұрынғыша баға беруден бас тартумен түсіндіруге болады. «Бұл ретте жалпы алғанда еліміздегі қылмыстылық ахуалы ушыққан жоқ, қайта аса ауыр қылмыстар деңгейі 15,4 пайызға, оның ішінде кісі өлтіру 10,3 пайызға төмендеді. Сөйтіп, тіркеудің ашықтығы мен көрсеткіш қууға мүдделіліктің жоқтығы қылмысты тіркеудің шынайылығын қамтамасыз етіп, қылмыстылық үдерісіне әсер ететін алғышарттар жиынтығын ашып көрсетті», - делінген баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар