Бұрын коронавируспен ауырып, денсаулығы сыр бергендер бақылауда болады - Айнұр Тәуекелова
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бұрын коронавируспен ауырып қосымша ауру тауып алғандар дәрігердердің бақылауында болады. Бұл туралы «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының» бөлім меңгерушісі Айнұр Тәуекелова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Коронавирустан кейін қосымша ауру жамап алғандар стационардан шыққаннан кейін 3 ай бойы тұрақты түрде дәрігер бақылауында болуы керек. Олардың иммундық жүйесі қатты әлсіреп қалғандықтан – инфекциялық ауруларға бейім болып қалады», - дейді «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» КеАҚ қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі Айнұр Тәуекелова.
Еске сала кетсек, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында «постковидті белгілер» жобасы сынақтан өтуде.
Өткен жылдың желтоқсан айында 400-ден астам адам тексерістен өтті. Оның ішінде 100-і – бала. Жоба мақсаты – еліміздегі коронавирусқа қатысты жағдайда жақсарту.