Бұрын-соңды болмаған эпидемия: Жапонияда 3 млн адам тұмауға шалдықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда тұмау эпидемиясы өршіп тұр, бүгінгі күні вирусты 2,83 млн адам жұқтырған. Оның үстіне, елде дәрігерлердің тапшылығы байқалуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Белта ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұрын-соңды болмаған эпидемия: Жапонияда 3 млн адам тұмауға шалдықты

Жапонияның Денсаулық, еңбек және әл-ауқат министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта тұмауға шалдыққан 52 науқасқа бір дәрігерден келеді. Ал Косю аралында бір дәрігер 80 сырқатты қабылдауда.

Елде соңғы аптада індетті жұқтырғандардың саны 1 млн адамға артқан. Жапониялықтарға адам көп шоғырланған жерлерге бармауға, бетперде тағып жүруге және қолды жиі жууға кеңес берілді.