Бұрынғы әлем чемпионы: GGG әлде Канело кімнің үздік екенін білмеймін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемнің бұрынғы чемпионы Шугар Рэй Леонард Р4Р бойынша кімнің ең үздік боксшы екенін айта алмады, деп жазады prosports.kz .
«Р4Р - өте даулы нәрсе. Бірі Головкин десе, басқасы Канело дейді... Кімнің үздік екенін айта алмаймын», - деді Леонард.
Еске сала кетейік, боксшылардың алғашқы жекпе-жегі тең есеппен аяқталған болатын. Енді 2018 жылы олар қайта жұдырықтасуы мүмкін.