Бұрынғы әлем чемпионы Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы британиялық Кіші Крис Юбэнк қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді Брайтондағы (Англия) айқасқа шақырмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұрынғы әлем чемпионы Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келеді

«Головкинді немесе басқа біреуді Amex аренасына тарту – уақытша қиял емес. Бұл – теңіз жағасында орналасқан, туристерге тартымды қаладағы Премьер-Лиганың футбол клубтарының керемет жаңа стадионы. Көп боксшылар өз үйінде өнер көрсетті, менің де осыған лайық екеніме сенімдімін», - деді Юбэнк.

Еске сала кетейік, Головкин орта салмақтағы дивизионда да өнер көрсетеді. Кіші Юбэнк қазақстандықты өзінің соңғы сұхбаттарында бірнеше рет шақырған, алайда GGG оған аса мән бермей, боксшының әрекетін «арзан көрінеді» деген.