Бұрынғы әскери қалашықта бір адам мерт болды, қирандының астында тағы 3 адам қалып отыр - Қарағанды облысы
АСТАНА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы аумағындағы бұрынғы әскери қалашықта ғимараттың құлауы салдарынан бір адам қаза тапты,
деп хабарлады бүгін, қаңтардың 23-і күні ТЖМ-ның баспасөз қызметі.
ТЖМ-ның ақпараты бойынша, кеше 13 сағат 30 минутта Қарағанды облысы «Балқаш 9» стансысындағы «Дарьял-У» бұрынғы әскери қалашығында ғимараттарды рұқсатсыз бөлшектеу барысында нысанның 500 шаршы метр көлемдегі конструкциясы опырылып құлап, оның астында қалған 40 жастағы азамат сол орында өлім құшты. 35 жастағы бір азамат дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Болжам бойынша қирандының астында тағы 3 адам қалып отыр.
Төтенше жағдайды жоюмен ҚР ТЖМ-ның Қарағанды облысы бойынша, Қарағанды қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменттерінің 18 адамы мен 3 техникасы айналысуда.