Бұрынғы БҰҰ бас хатшысы Бутрос Бутрос Гали өмірден озды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Каирде БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Бутрос Бутрос Гали 93 жасында қайтыс болды.
None
None

Ол 1992 жылы БҰҰ бас хатшысы лаузымын иеленді және бұл қызметтегі араб елдерінің алғашқы (осы уақытқа дейінгі жалғыз) өкілі болды. Бұл кезеңде, яғни Парсы бұғазындағы алғашқы соғыстан кейін БҰҰ ролі халықаралық аренада өсе түсті. Оның жұмыс жасаған уақыты Югославия мен Сомалидегі қарулы қақтығысқа тура келді, бұл кезде Таяу Шығыста да жағдай шиеленісіп тұрған еді.

Вашингтон Бутрос Бутрос Гали НАТО-ның Босниядағы қақтығысқа араласуына қарсылық білдіргеніне наразы болды. Сондай-ақ оны БҰҰ Руандадағы геноцидті тоқтата алмағаны үшін де сынады, деп хабарлайды Би-би-си.

Соңғы жаңалықтар