Бұрынғы қазақстандық боксшы британдықпен айқастан кейін комаға түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондонда 34 жастағы Қазақстан тумасы неміс боксшысы Эдуард Гуткнехт британдық Джордж Гроувзбен болған жекпе-жектен кейін комаға түскен, деп хабарлайды Gazeta.ru.
Гуткнехт айқастан кейін киім ауыстыру бөлмесінде ес-түсін жоғалтады. Медицина қызметкерлері жартылай ауыр салмақта бокстасатын неміс спортшысының ішкі мүшелеріне қан құйылғанын анықтаған. Боксшы ауруханаға жеткізіліп, шұғыл ота жасалды. Кейін жасанды комаға түскен, деп хабарлайды L'Equipe. Гроувздан ұтылуы - неміс боксшысының карьерасындағы бесінші жеңіліс. Эдуард Гуткнехт Жетісай қаласында дүниеге келген, алайда 11 жасында отбасымен тарихи отаны саналатын Германияға көшеді. 2005 жылы Головкинді Chemie Pokal турнирінде әуесқойлық деңгейде ұпай саныменжеңеді.