Бұрынғы қазақстандық Ресейдің ірі көпір құрылысы компаниясына басшы болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Новосібір облысының бұрынғы көлік министрі Сергей Титов «Сибмост» АҚ басшысы болып тағайындалды. Ол өңірлік үкіметтен кетіп, бір күннен соң жаңа міндеттеріне кірісіп кетті, деп хабарлайды sibkray.ru .
None
None

Титов кандидатурасын «Сибмост» директорлар  кеңесі мақұлдады (компанияның алдыңғы президенті және негізін қалаушы Альберт Кошкин), бұрынғы шенеунік 10 наурыз күні өз міндеттеріне кірісті.

«Компанияның жаңа президенті алдында «Сибмост» АҚ кешенді дамуы мен ағымдағы шарттардың орындалуы үшін ірі ресейлік көпір құрылысы кәсіпорнының кадрлық және өндірістік әлеуетін барынша жандандыру міндеттері тұр», - делінген компанияның мәлімдемесінде.

Ресейдің салық қызметі сайтындағы Заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізілімінен «Сибмост» АҚ үзінді көшірмесінде Алим Примкулов «Сибмосттың» президенті ретінде көрсетілген. Ол «Сибмосттың» бөлшек сатылымы бойынша келісімшарт қатысушысы «Волгомост» АҚ бас директоры. Өзге сатып алушылар ретінде  «Сбербанк» («Сибмосттың» басты кредиторы) және «Система» акционерлік-қаржылық корпорациясы аталуда. Ірі новосібірлік салық төлеушіні сату туралы келіссөздер әлі де жалғасуда.

Сергей Титов 1961 жылы Петропавл (Қазақстан) қаласында туған. Сібір  автокөлік-жол институтын бітірген. 2004-2010 жылдары «Сібір» автокөлік жолдары мемлекеттік мекемесінің басқарма басшысының орынбасары және бірінші орынбасары болып еңбек еткен. 2010-2012 жылдары «Ресей автокөлік жолдары» мемлекеттік компаниясының Воронеж филиалының директоры болып тағайындалды. Новосібір облысының көлік және жол шаруашылығы министрі болып тағайындалғанша, Мәскеу облысы жол шаруашылығы бас басқармасы басшысының бірінші орынбасары болды. 

Соңғы жаңалықтар