Бұрынғы министр мен оның сыбайласы қамауға алынды
АСТАНА. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат. Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) осы жылдың 30 наурызында Қоршаған ортаны қорғаудың бұрынғы министрі Н. Ысқақов пен «Меркурий плюс» ЖШС өкілі А. Жайылғановтың ұсталғандығы туралы хабарлаған болатын,
деп хабарлады ҚазАқпаратқа Қаржы полициясының баспасөз қызметінен .Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде оларға мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезінде бюджет қаражатын қызметтік бабын пайдалана отырып талан-таражға салудың түрлы нысандарында қылмысқа қатысу арқылы мемлекетке 1 млрд. 172 млн. теңге мөлшерінде залал келтірді деген айып тағылды.Осы күні алдын ала тергеу барысында жиналған дәлелдемелерді ескере отырып Астана қаласының №2 Сарыарқа аудандық соты Ысқақов пен Жайылғановты қамауға алу туралы санкция шығарды.