Бұрынғы президент Р. Отынбаеваның ұлы шағын дүкен ашты, тауарларын өзі сатады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті Роза Отынбаеваның ұлы Атай Садыбақасов Бішкек базарларының бірінде шағын дүкен ашты.

Бұрынғы президент Р. Отынбаеваның ұлы шағын дүкен ашты, тауарларын өзі сатады

Сөреде тауар сатып тұрған Атайдың фотосын сенбі күні әлеуметтік желідегі өз парақшасына Айдар Жоробеков салған.

«Бұрынғы президенттің ұлы сатушы ретінде өзінің шағын дүкенінде. Астанадағы базарлардың бірі», -деп жазады А. Жоробеков.

КирТАГ-қа Атай бұл ақпаратты растады және өз бизнесінен ешқандай өрескелдік көріп тұрмағанын атап өтті. Қырғызстан экс-президенті ұлының азық-түлік дүкені Мәскеу және Шопоков көшелерінің қиылысындағы базар маңында орналасқан.