Бұрынғы Президенттің қаны аукционға түсті

АСТАНА. 25 мамыр. ҚазАқпарат  -  Британияда ерекше аукцион өтіп жатыр. Онда әдеттегідей әшекей бұйымдар емес, Американың бұрынғы президенті Рональд Рейганның қаны құйылған түтікше сатылмақ.

Бұрынғы Президенттің қаны аукционға түсті

Бүгін 9910 долларға бағаланып отырған қан 1981 жылы Рейган емделген ауруханадан алынған екен. Айта кету керек, сол жылы Вашингтонда жасалған қастандықтан кейін, Ақ үй басшысы госпитальға түскен болатын. Сауда онлайн жүйесінде жүргізіледі. Ал Рональд Рейган қоры аукционды ұйымдастырғандарды опасыздарға теңеп, істі сотқа беретіндігін ескертеді

Қазақстан телеарнасы