17:26, 01 Қараша 2019 | GMT +6
Бұрынғы ректорды қамау мерзімі ұзартылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбековты қамау мерзімі 29 қарашаға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Дамир Шыныбековты бұлтартпау шарасы 29 қарашаға дейін ұзартылды», - деді қалалық соттың баспасөз қызметінен.
Бұның алдында мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Дамир Шыныбековты 5 айға мамырдан бастап қазан айына дейін қамауға алу туралы санкция шығарған болатын.
Бұрынғы ректорға қарсы ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлімімен қылмыстық іс қозғалған еді.
Дамир Шыныбеков университетке 2009 жылдан бері басшылық жасаған.
2017 жылы ол қалалық мәслихатқа депутат болып сайланған болатын.