Бұрынғы шаштараз жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша наубайшының көмекшісі болды

АСТАНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат - 26 жасар Башеева Бағдат Серікқызының арнайы орташа білімі бар, мамандық бойынша ол - шаштараз.

Бұрынғы шаштараз жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша наубайшының көмекшісі болды

2006 жылдың желтоқсанынан бастап «Отель Астана» ӘКБ АҚ-да супервпайзер болып жұмыс істеген.

2011 жылдың тамыз айында өз еркімен жұмыстан босатылды. Жұмыспен қамту бағдарламасының қатысушысы болған Бағдат Башеева № 3 кәсіби-техникалық лицейінде шебер наубайшы мамандығы бойынша үш айлық курстардан өтті. Оқыту кезінде ай сайын 12 188 теңге көлемінде шәкірақы алып отырған.

Қазіргі уақытта Жұмыспен қамту орталығының жіберуімен «Silk way International» ЖШС-де наубайшының көмекшісі болып жұмыс атқаруда. Жалақысы 45 мың теңгені құрайды.