Бұтақты шатқалында бір адам зардап шекті

АСТАНА. 1 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бұтақты шатқалында зардап шеккен қыз қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

Бұтақты шатқалында бір адам зардап шекті

«31 тамыз күін 16.51-де ҚР ТЖМ «РЖҚЖ» ММ жедел кезекшісіне Бұтақты шатқалында аяғынан жарақат алған бойжеткен қызға медициналық көмек қажет екені жөнінде ақпарат келіп түсті. 17.10-да құрамында 7 адам мен 1 техника бірлігі бар ҚР ТЖМ «РЖҚЖ» ММ-нің жедел тобы зардап шеккен қызды іздеуге тауға көтерілді», - делінген хабарламада.
Құтқарушылардың мәліметінше, 20.03-те зардап шеккен қыз табылды. Ол төмен түсіріліп, ҚР ТЖМ «АМО» ММ қызметкерлеріне тапсырылды.