Бутанда король елдiң ең сұлу қызына үйлендi
АСТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат - Бутанда 31 жастағы билеуші Джигме Кхесар Намгьял Вангчук елдiң ең сұлу қызы - 21 жастағы Джецун Пемаға үйлендi.
«Комсомольская правда» басылымы жазғандай, Джецун Пема қарапайым отбасынан шыққан, әкесі ұшқыш. Д.Пема Лондонда «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша білім алады, бiрнеше тiлде сөйлейді және баскетбол ойнайды.
Үйлену салты 17 ғасырдың монастырында, будда мәдениетінің барлық ежелгi дәстүрлерiне сәйкес өттi. Тойды жастармен бірге Бутанның 700 мың тұрғыны тойлауда: үш күндiк салтанат елдің барлық қалаларында бимен, карнавалмен аталып өтеді. Дегенмен салтанатқа дүниежүзiнен 1,5 мың ресми қонақ келеді.