Бутерброд ұстаған мысық Астанадағы жаңа муралдың кейіпкеріне айналды

АСТАНА. KAZINFORM — Астананың Байқоңыр ауданында мысықтың бейнесі көрініс тапқан тағы бір жаңа мурал пайда болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бутерброд ұстаған мысық Астанадағы жаңа муралдың кейіпкеріне айналды
Фото: Астана әкімдігі

Жаңа стрит-арт нысаны Таха Хусейн көшесі, 2/1 мекенжайындағы тұрғын үйдің қасбетіне салынған.

Бутерброд ұстаған мысық Астанадағы жаңа муралдың кейіпкеріне айналды
Фото: Астана әкімдігі

Суретте қолына бутерброд ұстап, тоқ әрі көңілді отырған мысық бейнеленген. Жылы әсер сыйлайтын сүйкімді арт-нысан қала тұрғындары мен қонақтарының назарын бірден баурады.

Бүгінде муралдар қала келбетіне ерекше сән беріп, тұрғындар мен қонақтардың назарын өзіне аударады.

Бутерброд ұстаған мысық Астанадағы жаңа муралдың кейіпкеріне айналды
Фото: Астана әкімдігі

Таха Хусейн көшесіндегі жаңа арт-нысан аудан аумағындағы муралдар қатарын толықтырып, оның мазмұны мен өзіндік дизайнымен ерекшеленіп отыр.

Бутерброд ұстаған мысық Астанадағы жаңа муралдың кейіпкеріне айналды
Фото: Астана әкімдігі

Осыдан бұрын Астанадағы тұрғын үй кешенінің қасбетіне «Таңсәрі» муралы салынғанын жазғанбыз.