Бүтін бір ұрпақты жалғастыратын музыка
АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы Президенттік мәдени орталықта Жеңіс мерекесіне орай ҰОС ардагерлері мен өнер сүйер қауымға классикалық музыкадан қайырымдылық концерті өтеді,
деп хабарлайды Мәдениет министрлігінің баспасөз қызметінен.
ҰОС ардагерлері мен майдангерлер, тылдың еңбек ардагерлері, сонымен қатар музыкалық оқу орындарының студенттері Қазақстанның халық әртісі Гауһар Мырзабекова, Қазақстан камералық оркестрының пианисі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев сынды майталмандардың концертін тамашалай алады.
Жоба «Ұрпақтар үндестігі» деп аталады. Жоба атауының өзі айтып тұрғандай, басты мақсат - қан майданның қиындықтарын басынан кешірген ардагерлер мен соғысты ел аузынан естіген ұрпақ арасында рухани байланыс орнату болып табылады. «Ұрпақтар үндестігі» бұл - Ұлы Отан соғысының ардагерлерін жеңіс мерекесімен құттықтаумен қатар, қарт адамдарға әлеуметтік және мәдени игі шараны неғұрлым қол жетімді ету.