БҰҰ: 1 миллионнан астам адам баспаналарын тастап кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Желтоқсанда Оңтүстік Суданда басталған қақтығыстың салдарынан бір миллионнан астам адам баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болды. Бұл туралы БҰҰ деректерінде хабарланды.
Осы ұйымның Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасының ақпаратына қарағанда, оның ішінде 250 мыңнан астам адам көршілес елдерге қоныс аударған екен. Ал қалғандары Оңтүстік Суданда қалып, ондаған мың адам БҰҰ базаларын пана етуде.
Осының алдында хабарланғандай, БҰҰ мәліметі бойынша бұл елде азаматтық соғыстың кесірінен 3,7 миллионға жуық адам азық-түлік тапшылығын қатты сезініп отыр.