БҰҰ 15 миллион баланы құтқармақ ниетті

АСТАНА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат - Біріккен Ұлттар Ұйымы Ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі жаңа мемлекеттік стратегияны жүзеге асыруға кірісті. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Мыңжылдық мақсаттарын орындау жөніндегі саммиттің аясында өткен мәжілісте мәлім етті, деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.
None
None

Бас хатшы, денсаулық сақтау саласына қарастырылған қаржыны арттыру және оның сапасын көтеру, әсіресе дамушы елдердегі қызметтің сапасын көтеру, 5 жасқа дейінгі 15 миллионнан астам баланың және 570 мыңдай жүкті әйелдің өлімінің алдын алуға көмектесетінін атап көрсетті.

«Кейбір елдерде жүктілік немесе бала туу кезінде әрбір сегізінші ана қайтыс болады. Миллиондаған бала ашаршылықтан және емдеуге болатын аурулардан шетінеп жатады», деп мәлім етті Пан Ги Мун өз сөзінде

Аталған мақсаттарға БҰҰ алдағы бес жылда 40 миллиард доллардан астам қаржы жұмсауы керек, бірақ Бас хатшысының айтуынша, бұл салаға әлі де қомақты қаржы салымы керек.

Соңғы жаңалықтар