БҰҰ: 15 жылдан кейін су тапшылығы 40 пайызға жетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 жылдан кейін адамзаттың тұщы суға деген сұранысы 40 пайызға артады, делінген БҰҰ есебінде. Бұл туралы «ВВС» агенттігі хабарлады.

БҰҰ: 15 жылдан кейін су тапшылығы 40 пайызға жетеді

Аталған есебінде БҰҰ табиғи ресурстарды тұтынуды, пайдалануды қайта қарау қажеттігін көтерді. Мұндай болжам жасалуына соңғы жылдары табиғаттағы ауытқулар, жауын-шашын өзгерістері, жер асты су қорының азаюы, халық санының артуы себеп болған.

Халықаралық ұйым су тапшылығынан болашақта ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп зардап шегетінін ескертті.