БҰҰ: 2015 жылы әлем Эболаны жеңеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы Эбола безгегі індетін тоқтатудың сәті түседі, деп мәлімдеді БҰҰ-ның Эболамен күрес жөніндегі миссиясының басшысы. Бұл туралы BBC хабарлады.
Алайда Ганадағы баспасөз мәслихатында осы қызметтен кетіп бара жатқан Тони Бэнбери әзірге әлемдік қоғамдастық қазіргі эпидемияны тоқтатудың барлық амалын ақырына дейін ойластырмағанын ескертті.
Бэнберидің айтуынша, әлем Эболамен «эпикалық соғысты жүргізуде», бірақ та жеңіске жетуге әлі ерте.
Эбола індеті 8 мыңға жуық адамның өмірін қиды, оның құрбандары негізінен Сьерра-Леоне, Либерия және Гвинея елдерінде.