БҰҰ: 2015 жылы босқындар саны 60 миллионға жетеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасы ағымдағы жылы амалсыз қоныс аударғандардың саны 60 миллионға жететіндігін хабарлады.
Бұл рекордтық көрсеткіш.
БҰҰ Жоғарғы комиссары Антонио Гутьеррестің мәлімдеуінше, жағдай өте күрделі де өзекті. Әсіресе, күн сайын Еуропаға келіп жатқан мыңдаған босқындардың (көпшілігі Сириядан) жағдайлары алаңдатарлықтай.
Гутьеррес Еуропаны жүз мыңдаған босқындарға байланысты арнайы бағдарлама қабылдауға шақырды.
БҰҰ деректері бойынша, 2014 жылдың соңында әлемде амалсыздықтан көшуге мәжбүр болғандпардың саны 59,5 миллионға жеткен.