БҰҰ: 2050 жылы тағы 80 млн адам аштықтан зардап шегеді

АСТАНА. KAZINFORM — 2050 жылға қарай тағы 80 миллион адам аштыққа ұшырауы мүмкін, деп мәлімдеді БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк, деп хабарлайды Анадолы.

БҰҰ: 2050 жылы тағы 80 млн адам аштықтан зардап шегеді
Фото: Анадолы

X платформасында жариялаған жазбасында Тюрк әлемдегі әрбір оныншы адамның аштыққа тап болатынын атап өтті.

— Климаттың өзгеруі 2050 жылға дейін тағы 80 миллион адамды аштыққа ұшыратуы мүмкін, — деп жазды ол.

Оның айтуынша, бұл мәселе азық-түліктің жетіспеушілігімен емес, тамақты қолжетімсіз, қымбат әрі теңгерімсіз ететін жүйелермен байланысты.

— Бізге теңдікке, тұрақтылыққа және адам құқықтарына негізделген азық-түлік және жер пайдалану жүйелері қажет, — деді Тюрк.

Айта кетелік БҰҰ Нигерияда 600 мыңнан астам бала аштықтан өліп кетуі мүмкін екенін айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар