БҰҰ: 35 жылдан кейін босқындар саны 1 млрд-тан асып жығылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун 2050 жылға қарай 1 млрд-тан астам адам еріксіз түрде өз елін тастап шығуы мүмкін екендігін айтты.
Бұл туралы Би-би-си жазады.
Оның айтуынша, соңғы он жыл ішінде гуманитарлық көмекке мұқтаж жандардың саны екі есеге артқан.
Айта кетейік, 19 сәуір күні 700-дей босқын мінген кеме Жерорта теңізінде апатқа ұшырап, олардың тек 28-ін ғана құтқару мүмкін болды.