00:03, 07 Шілде 2013 | GMT +5
БҰҰ: 4 млн. сириялық азық-түлік тапшылығының ауыртпалығын сезінуде
АСТАНА. 7 шілде. ҚазАқпарат - Сирияның шамамен бесінші бөлігі өздерін азық-түліктің қажетті деңгейімен қамтамасыз ете алмай отыр, деп хабарланады БҰҰ баяндамасында.
ВВС-дің жазуынша, мемлекет ішіндегі қақтығыс тоқтамаса, алдағы жылы жағдай мүлдем ушығып кетуі мүмкін.
Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы өкілдерінің мәліметіне қарағанда, тамақ табу мақсатында қайыр сұрайтын сириялық отбасылардың саны артуда. Атап айтқанда, 2011 жылдан бері ұн бағасы бұл елде екі есеге жуық көрсеткішке артқан көрінеді.
Ауыл шаруашылығы саласын қолдау үшін БҰҰ-ның азық-түлік ұйымдарына 41,7 млн. доллар керек екен. Бұл өз кезегінде фермерлерді тұқыммен және тыңайтқыштармен қамтамасыз ету үшін қажеттілік етеді. Алайда, олар осы уақытқа дейін тек үш миллион ғана алған.