БҰҰ: 7 миллионнан астам бала бостандығынан айырылып отыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – БҰҰ зерттеуіне сүйенсек, бүгінде жеті миллионнан астам бала бостандығынан айырылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде түрмедегі, иммигранттарды ұстап отыру орталықтарындағы және басқа да осы тақылеттес жабық мекемелердегі балалардың жалпы саны жеті миллионға жеткен.

Кем дегенде 410 мың жас жеткіншек түрмелерде, зорлық атаулыны әдетке айналдырған тергеу изоляторларында қамауда отыр. Соның көпшілігіне қыдырымпаз, үлкендерді тыңдамады, спиртті ішімдік ішті деп айып тағылған. Миллион бала полицей учаскелерінде. Жыл сайын 80 елде 330 мың бала мигранттар орталығына түседі. Тағы бес миллионнан астам бала түрліше жабық типтегі мекемелерде жүр.

БҰҰ өкілдері соңғы кезде қарулы қақтығыстарға байланысты түрмеге түскен жасөспірімдердің көбейіп бара жатқанын айтып дабыл қағуда.

Соңғы жаңалықтар
telegram