БҰҰ: 7 жастан кіші 87 млн бала бүкіл өмірін қарулы қақтығыстар жағдайында өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеті жастан кіші 87 млн-ға жуық баланың бүкіл өмірі қарулы қақтығыстар жағдайында өтті. Бұл олардың ақылының дамуына кері әсер тигізеді.

БҰҰ: 7 жастан кіші 87 млн бала бүкіл өмірін қарулы қақтығыстар жағдайында өткізді

Бұл туралы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) мәлім етті.

«Қақтығыстардың ортасында өмір сүретін балалар қатты күйзеліске ұшырайды. Бұл жағдай мидың жүйке жасушалары арасындағы ауысымды тежейді. Бұл зияткерлік, әлеуметтік және дене бітімінің дамуына кері әсерін тигізеді», делінген ЮНИСЕФ хабарламасында.