БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комиссариаты Қазақстан Обмудсменімен ынтымақтастықты дамытуға ынталы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Орталық Азия бойынша БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Басқармасының Өңірлік өкілі міндетін атқарушы Элизабет да Коштамен кездесті. Бұл туралы Адам құқтары жөніндегі ұлттық орталықтың баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Кездесу барысында құқық қорғау тетігін дамыту, Омбудсменнің БҰҰ құқық қорғау тетіктерімен өзара қарым-қатынасын жақсарту, сондай-ақ елдің Әмбебеп кезеңдік шолудың екінші кезеңінен өтуі саласындағы кең ауқымды өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасылды. Жиында Қазақстандық Омбудсмен институтын әрі қарай нығайту мәселелері жан-жақты талқыланды.

Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссариатының өкілі Омбудсменнің қызметін барынша қолдады, институционалдық нығайттыру, тәжірибемен алмасу, Омбудсменнің ұлттық құқық қорғау мекемелерінің Халықаралық үйлестіру комитетіне және оның өңірлік желілеріне араласуы сияқты басымды бағыттарында өзара әрекеттестікті жалғастыруға дайын екенін білдірді.

Соңғы жаңалықтар