БҰҰ адамның ауыз суға деген құқығын бекітті
АСТАНА. Шілденің 29-ы. ҚазАқпарат - Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы адамның ауыз суға деген құқығын бекіткен қарар қабылдады. Бұл туралы «Маяк» радиосы хабарлайды.
«Біріккен Ұлттар Ұйымы қауіпсіз және таза ауыз суға және санитарияға деген құқықты - толыққанды өмір сүру және адамдардың барлық құқықтарын толық жүзеге асыру үшін үлкен маңызға ие адам құқығы ретінде жариялайды», - деп атап көрсетіледі құжатта.