БҰҰ: әлем бойынша негізгі азық-түлік тауарларына баға төмендеуі жалғасуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Негізгі азық-түлік тауарларына баға төрт жыл қатарынан төмендеп келеді. Бұл туралы БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымынан хабарлады. Ұйым сарапшылары бағаның түсуін жаһандық экономикалық өсімнің бәсеңдеуімен және мол өніммен байланыстыруда.
ФАО азық-түлік бағасы индексінің орташа жылдық мәні 2015 жылы 164,1 тармақты құрады, бұл 2014 жылмен салыстырғанда, 19 пайызға төмен, деп хабарлады БҰҰ жаңалықтар орталығы.
Сарапшылар әлемдік экономиканың бәсеңдеуі металдан энергетикаға дейін - тауарлардың түрлі санаттарына бағаның күрт түсуіне алып келді.
«2015 жыл ішіндегі азық-түлік тауарларына бағаның төмендеуіне негізгі себеп әлемдік сұраныс аясында ауқымды жеткізу мен доллар бағамының нығаюы болып табылады», - деді ФАО аға экономисі Абдолреза Аббассиан.
Өткен жылғы желтоқсанда астыққа баға олардың қарашадағы мәнімен салыстырғанда, 1,3 пайызға төмендеген (жүгері өндірушілері арасында экспорттық бәсекелестіктің артуы және Аргентина экспорттық баждың күшін жойғаннан кейін әлемдік нарыққа түсетін бидайға ұсыныстың күтілген өсімі салдарынан).
Сүт өнімдеріне баға индексі желтоқсанда 1 пайызға төмендеді. Желтоқсанда Еуропада шошқа етіне сұраныстың артып, АҚШ-тан шығатын импорттық сиыр етіне сұраныс төмендеу салдарынан ет құны 2,2 пайызға түсті. 2015 жылы ет бағасы орташа 2014 жылмен салыстырғанда, 15,1 пайызға түсті.
Желтоқсанда қантқа баға 0,6 пайызға қымбаттады, алайда тұтастай алғанда, 2015 жылы ол өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда, 21 пайызға арзан болды.