БҰҰ: Әлемде 1 млрд адам аштыққа ұшырап отыр

АСТАНА. 8 наурыз. ҚазАқпарат - Әлемде әрбір жетінші адам аштыққа ұшырауда, ал 1,3 миллиард адам семіздіктен зардап шегуде, деп хабарлады  ZN,UA сайты.

БҰҰ: Әлемде 1 млрд адам аштыққа ұшырап отыр

Бұл туралы Женевада кеше Адам құқықтары жөніндегі кеңестің 19-сессиясында тамақтануға құқық мәселесі жөніндегі арнайы баяндамашы Оливье де Шуттер мәлім етті.

«Урбанизация, супермаркеттік өнімдер және батыстық өмір салтының жаһандық таралуы дәстүрлі тамақтану жүйесін бұзды. Соның нәтижесінде біз адам денсаулығы үшін апатты салдарларға тап болдық», - деді арнайы баяндамашы. Тамақтануға құқық дегеніміз жеткілікті тағамға қол жеткізу ғана емес, сонымен қатар ол теңдестірілген және жұғымды тамақ ішу, деп қосты ол.

Арнайы баяндамашы әлем елдерін семіздікке қарсы дәрі ішу мен биоқоспаларды пайдалануға қарсы күреске шақырды. Өзінің баяндамасында ол нәрсіз тамақ өнімдеріне жоғары салық салуды, құрамына майлар мен қант қосылған азық-түлік сатуды реттеуді, пайдасыз тамаққа жарнаманың жолын кесуді ұсынды. БҰҰ өкілі үкіметтерге нарыққа дәмді және жас азық-түліктерді жеткізетін жергілікті фермерлерге қолдау көрсетуге кеңес берді.