БҰҰ: Әлемде 20 жылдың ішінде балалар өлім-жітімі екі есеге азайды
АСТАНА. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат - ЮНИСЕФ баяндамасына сәйкес, 1990 жылдан бері балалар өлім-жітімінің жаһандық деңгейі екі есеге төмендеген. Алайда бүгінде әлемде күн сайын бес жасқа дейінгі 18 мыңға жуық бала қайтыс болады екен. Бұл туралы ВВС хабарлады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Дүниежүзілік банкпен бірлесе жасалған баяндамада өлім-жітім деңгейін төмендетуге кедейшілік тауқыметін сезініп отырған халықтың бөлігіне қолжетімді дәрі-дәрмек пен қолжетімді медициналық көмекті дамыту ықпал еткені айтылған. Балалар өлімінің басты себебі асқа жарымаумен байланысты, сонымен қатар жеткіншектер өкпенің қабынуы және диарея секілді оңай емделетін дерттерден де жиі опат болып жатады. Мәселен, әлемнің кейбір кедей елдері, оның ішінде Бангладеш, Непал және Малави мемлекеттері үштен екі деңгейден астам көрсеткішке балалар өлім-жітімін төмендеткен екен.