БҰҰ: Әлемде апиын өндірісі күрт артты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы жылда әлемде апиын өндірісі күрт артты. Бұндай тұжырымды БҰҰ-ның есірткі және қылмыстылық жөніндегі басқармасы келтіріп отыр.

БҰҰ: Әлемде апиын өндірісі күрт артты

Басқарма мәліметінше, үш жыл қатарынан Ауғанстанда апиынды көкнәрдің өндірісі артып келеді.

Өзінің жыл сайынғы баяндамасында БҰҰ ведомствосы жаңа синтетикалық есірткілердің көлемі артып отырғандығы туралы ескерту жасады. 2009 жылдан бері олардың деңгейі екі есеге өскен екен.

Сонымен қатар кокаиннің жетікізілімдері төмендегені байқалуда, алайда Солтүстік Америкада оны тұтыну бұрынғы деңгейде сақталуда.

Айта кетейік, 26 маусым нашақорлықпен және есірткі бизенесімен күрестің халықаралық күні ретінде аталып өтуде.