09:23, 12 Тамыз 2010 | GMT +5
БҰҰ әлемдік қоғамдастықты Пәкістанға көмектесуге шақырды
АСТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат - Біріккен Ұлттар Ұйымы әлемдік қоғамдастықты соңғы 80 жылдағы ең үлкен сел тасқынына ұшырап отырған Пәкістанға көмек көрсетуге шақырып, үндеу тастады, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Табиғат апаты Пәкістанның 43 миллиондай халық тұратын жеті үлкен ауданын әбіржітіп отыр. БҰҰ-ның бағалауынша, ол аудандарда 14 миллиондай адам көмекке аса мұқтаж. Адамдарға азық-түлік, таза ауыз су, гигиена заттары, дәрі-дәрмек, сондай-ақ уақытша баспана қажет.
Табиғаттың тосын мінезінің салдарынан, БҰҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, Пәкістанда 1200-ден астам адам қаза тапқан.
Сел тасқыны, ең аз дегенде, 300 мыңдай тұрғын үйді шайып кетіп, миллиондаған адамды баспанасыз қалдырып отыр.