БҰҰ әлемдік саясаттағы өзекті проблемаларды бірлесіп шешу үшін ортақ тұғырнама болып қалуы тиіс - Қ.Тоқаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Біріккен Ұлттар Ұйымы әлемдік саясаттағы өзекті проблемаларды бірлесіп шешу үшін ортақ тұғырнама болып қалуы тиіс. Мұндай пікірді ТАСС ақпарат агенттігіне сұхбат берген ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев білдірді.
«БҰҰ туралы айтқан кезде біз өркениетті әлемдік қоғамдастық деп түсінеміз. «20 ғасырдағы адамзаттың ең үздік табысы» ретінде ұйым алдағы уақытта да әлемдік саясаттың өзекті проблемаларын бірлесіп шешу үшін ортақ тұғырнаманы еске түсіру қажет. Егер, нақты сын-қатерлер жайында айтар болсақ, ұлттар қоғамдастығы ядролық қарудың сырғу процессін тоқтатуы тиіс. Бұл мәселе өмірлік маңызға ие. Басқа сын-қатерлер кешенді негізге ие. Бұл трансұлттық сын-қатерлердің қауіпті ауқымы», - деді Қ.Тоқаев.
Сенат Төрағасы әңгіме түрлі елдердің дамуындағы күрт теңгерімсіздік, ауқымды заңсыз көші-қон, климаттың өзгеріске ұшырауы, трансшекаралық су қоймаларының, ауа мен топырақтың ластануы, індет, киберқылмыс, есірткі тасымалы және адам саудасы төңірегінде болып отырғанын баса айтты.
Қ.Тоқаевтың сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда байқалып отырған зорлық-зомбылыққа бейім ұйымдардың, оның ішінде «Ислам мемлекеті» тобының және ислам атынан жамылған басқа да лаңкестік топтардың шоғырлана түсуінің қаупі де жіті назар аударуды қажет етеді. БҰҰ бұл зұлымдықпен күресте барлық мемлекеттердің күш-жігерін шоғырландыруы қажет.
Сұхбат барысында Қ.Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женева бөлімшесінің бас директоры, БҰҰ Бас хатшысының жеке өкілі, Қарусыздану жөніндегі конференцияның бас хатшысы болып тұрған кездегі бірқатар маңызды оқиғаларды атап өтті.
Қ.Тоқаев Батыс пен Ресейдің санкциялық теке-тіресіне қатысты өзінің теріс қарым-қатынынасын баса айта келе оны «БҰҰ аясынан шығып кеткен түбегейлі басқа жайт» деп мәлімдеді. Оның пайымынша, санкциялық соғыс әлемдегі саяси және экономикалық ахуалға барынша теріс ықпал етеді. Өйткені, оған іс жүзінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің барлық тұрақты мүшелерінің қатысы бар. Қазақстан жаһандық жанжалға қатысы жоқ елдер мен халықтар зардап шегетін санкциялық дипломатияға түбегейлі қарсы.