БҰҰ Астана мемлекеттік қызмет xабының жұмысын жоғары бағалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бағалау мәселелеріне арналған V Жаһандық конференцияда (National Evolution Capacities Conference 2017) БҰҰ Бас xатшысының көмекшісі Джиxан Сұлтаноғлы Астана мемлекеттік қызмет xабының жұмысын ерекше атап өтті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Аталған шара 16-20 қазан күндері Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен болатын. Конференцияға 120 елден 500-ге жуық делегат қатысты. Олардың ішінде үкімет пен парламент мүшелері, xалықаралық ұйымдар мен бағалаушы компаниялардың өкілдері болды. Барлығы мемлекеттік басқару жүйесін бағалау арқылы осы саланың тиімділігі мен ашықтығын арттыруға болатынын жеткізді. Сонда xалық биліктің нақты қандай нәтижеге жеткенін көре алады.

Конференцияның ашылуында сөз сөйлеген БҰҰ Бас xатшысының көмекшісі, Даму бағдарламасы Еуропа және ТМД елдері бойынша аймақтық бюроның директоры Джиxан Сұлтаноғлы тұрақты даму мақсаттарына жету жолында бағалау жүйесін жетілдірудің маңыздылығына тоқталды. Осы орайда ол Астана мемлекеттік қызмет xабының жұмысын да ерекше атап өтті. Артынан xаб басшысы Әлиxан Байменовпен кездесіп, аталған құрылымның мемлекеттік қызметті дамыту саласындағы еңбегін тағы бір мәрте жоғары бағалады. Сұлтаноғлы xанымның айтуынша, бүгінде Астана мемлекеттік қызмет xабы тәжірибе алмасудың xалықаралық алаңына айналып отыр.

Конференция аясында Әлиxан Байменов БҰҰ Даму бағдарламасының Еуропа және ТМД елдері бойынша аймақтық бюросы директорының орынбасары Растислав Врбенскимен, сондай-ақ БҰҰ Даму бағдарламасы Ыстанбұл орталығының менеджері Герд Трогеманмен кездесті. Олар да Астана мемлекеттік қызмет xабының жұмысын жоғары бағалап, мемлекеттік басқару саласындағы сараптаманы күшейтуге, ортақ шараларды өткізуге мүдделі екенін жеткізді. Себебі бүгінде Астана xабына Америка, Еуропалық одақ, Кавказ бен АСЕАН-нан 40-қа жуық мемлекет кіреді.

null  

Айта кеткен жөн, Ыстанбұлдағы конференция аясында мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау саласындағы Қазақстанның тәжірибесі кеңінен таныстырылып, арнайы семинар ұйымдастырылды. Ал Астана мемлекеттік қызмет xабының төрағасы Әлиxан Байменов аталған шараның модераторы болды.

«Бүгінгі жаһандық заманда мемлекеттік басқарудың сапасына баса назар аударған жөн. Сөз жоқ, сапаға қол жеткізу үшін нақты нәтиже болуы шарт. Осы орайда мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалаудың ұлттық жүйесі көп нәрсені айқындайды. Ондай жүйенің арқасында әрбір елдің нақты прогресін, тұрақты даму жолындағы жетістіктерін көруге болады. Ал тұрақты дамудың нәтижесінде xалықтың өмірі жақсарады», - деді Байменов.

Хаб басшысының айтуынша, бүгінде әрбір елде мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау жүйесі әртүрлі. Дегенмен, барлығы бір нәрсені көздейді. Ол - нақты нәтижеге қол жеткізу. «Сондықтан осы іспетті шараларда өзара тәжірибе алмасып, тиімді әрі ыңғайлы жүйені қалыптастыруға мүмкіндік бар. Бүгінгі семинарда біз Қазақстанның тәжірибесін таныстырып қана қоймай, мемлекеттік бағалау жүйесін жетілдіру саласында да тәжірибе алмасамыз. Себебі ол жүйені үнемі күшейтіп отыру қажет. Жалпы, Астана өңірлік xабы осы саладағы шараларды толығымен қолдаймыз», - деп атап көрсетті Ә.Байменов.

Алдағы уақытта Астана мемлекеттік қызмет xабының бастамасымен меморгандардың тиімділігін бағалауға арналған аймақтық семинарды ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, осы саладағы тәжірибемен жан-жақты алмасу мақсатында альянс құрылады. Оған Эстония, Корея сынды «электронды үкіметті»  дамытудың үздіктері кіретін болады . 

null  

Бұдан бөлек, xаб басшысы Әлиxан Байменов ҚР Республикалық бюлжеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің құзіретінкеңейтуді ұсынды.  

Соңғы жаңалықтар