БҰҰ: Ауғанстанда 2015 жылы 3,5 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанның ең кемі 3,5 мың бейбіт тұрғыны 2015 жылы ел билігі мен "Талибан" содырлары арасындағы қақтығыстарының құрбаны болды.
None
None

Бұл туралы The Associated Press агенттігі хабарлады.

БҰҰ ақпаратынша, тағы 7,5 мыңға жуық бейбіт ауғандық жапа шекті.

Өткен жылы көз жұмғандардың ішінде әйелдер мен балалар саны артты. Мерт болғандардың ширегі балалар болса, 10% - әйелдер.
Құрбандардың саны өткен жылғымен салыстырғанда 4% төмендесе, зардап шеккендердің қатары 9% артып, 2009 жылдан максималды көрсеткішке айналды, делінген Ауғанстанға ықпалдасу бойынша БҰҰ миссиясының баяндамасында.

Соңғы жаңалықтар