БҰҰ: Ауғанстандағы лай көшкінінен 350 адам қаза болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанның солтүстік-шығысында болған лай көшкінінен кем дегенде 350 адам ажал құшты, жүздеген адам әлі іздестірілуде, деп хабарлайды Associated Press.
Мұндай мәлімдемені бүгін Кабулдағы БҰҰ өкілі Ари Гаитанис жасады. Оның айтуынша, БҰҰ қызметкерлері жергілікті билікпен тығыз байланыс орнатып, іздеу-құтқару жұмыстарына жәрдемдесуде. Бүгін , 2 мамыр күні түсте лай көшкіні Хобо Бари қышлағын басып қалды. Жеті адам ғана құтқарылды, қалғандары із-түссіз жоғалғандар қатарына жатқызылды.