БҰҰ: Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету үшін $430 млн қажет

АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ халықаралық донорлардан 2018 жылы Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету үшін $430 млн бөлуін сұрады. Бұл туралы дүйсенбі күні аталған халықаралық ұйымның бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик журналистерге хабарлады, деп жазады ТАСС.

БҰҰ: Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету үшін $430 млн қажет

«Гуманитарлық көмек мәселесін әкімшілендіру басқармасы 2,8 млн көмекке зәру адамға қол ұшын беру үшін $430 млн қажет екенін мәлім етті», - деді ол.

Оның айтуынша, бұл қаржы қақтығыс және табиғи апат салдарынан өз үйлерін тастап шыққан адамдарға, жаралы адамдарды емдеуге, балаларды азық-түлікпен қамтуға жұмсалады.

Сондай-ақ, Дюжаррик өткен демалыс күндері БҰҰ ҚК делегациясы 7 жылдан соң алғаш рет Ауғанстанға барғанын атап өтті.