БҰҰ әйелдер құқықтары жөніндегі өзінің бөлімшелерін бір ұйымға біріктіруде
АСТАНА. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат - Біріккен Ұлттар Ұйымының әйелдердің құқықтарын қорғау жөніндегі төрт ұйымы жаңа бір құрылымға біріктірілетін болады,
деп хабарлады сейсенбі күні БҰҰ-ның баспасөз қызметінен.
Жаңа органның атауы әзірге анықталған жоқ, бірақ оның құрамына БҰҰ-ның Әйелдер мүддесі үшін даму қоры (ЮНИФЕМ), Әйелдердің жағдайларын жақсарту жөніндегі халықаралық оқу және ғылыми-зерттеу институты, БҰҰ Бас хатшысының Гендерлік мәселелер және әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі арнайы кеңесшісінің Кеңсесі, Әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі бөлім кіретіні белгілі болып отыр.