БҰҰ Бас Ассамблеясы Қырғызстанның шекара дауларын бейбіт жолмен шешу туралы қарарын қабылдады

БІШКЕК. KAZINFORM – БҰҰ Бас Ассамблеясы Қырғызстан бастамашылық еткен «Шекара дауларын бейбіт жолмен шешу туралы» қарарын консенсуспен қабылдады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бішкектегі меншікті тілшісі.

Генассамблея ООН приняла резолюцию Кыргызстана о мирном решении приграничных споров
Фото: Қырғызстан СІМ

Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, құжатты 40-тан астам ел бірлесіп қолдады. Қарарды Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бірлесіп ұсынды.

Оның басты мақсаты – халықаралық қауымдастықпен аймақ елдерінің тарихи жетістігін бөлісу: олардың сезімтал мәселелерді БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқыққа сәйкес бейбіт құралдар, диалог пен келіссөз арқылы шешу мүмкіндігі.

Орталық Азияның тәжірибесі бүкіл халықаралық қауымдастық үшін сындарлы үлгі, тату көршілік қарым-қатынас үлгісі және аймақ елдерінің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесі болатыны атап өтілді.

- Қарардың қабылдануы Қырғыз Республикасы мен аймақ елдерінің ондаған жылдар бойы шешілмей келе жатқан өзекті мәселелерді бейбіт жолмен шешу мүмкіндігін тағы да растау және мойындау мүмкін екеніне тағы бір дәлел болды, - делінген мәлімдемеде.

Осыған дейін Қырғызстан әлем көшбасшыларын елдің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне кандидатурасын қолдауға шақырғаны хабарланды.