БҰҰ Бас ассамблеясы Семей өңірін сауықтыру туралы қарарды бірауыздан қабылдады

БҰҰ бас ассамблеясы
Фото: ҚР СІМ

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының жалпы отырысында Қазақстанның Семей өңірінде халықты оңалту, қоршаған ортаны қалпына келтіру және экономикалық дамыту мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық және әрекетті үйлестіру туралы қарар бірауыздан қабылданды, деп хабарлайды Кazinform.

«Бұл БҰҰ Бас Ассамблеясының Семей өңіріне арналған 11-ші қарары. Оның алғашқысы 1997 жылы қабылданды. БҰҰ-ға мүше 85 мемлекет қарардың бірлескен авторлығына қосылды.

Семей өңірі бойынша қабылданған қарар – халықтың, әсіресе жас балалар мен басқа да осал топтағы адамдардың өмірі мен денсаулығына ядролық сынақтардың ұзақ мерзімді салдарына халықаралық қоғамдастықтың алаңдаушылығының көрнекті дәлелі», – делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінде.

Мәліметке сүйенсек, құжатта Семей өңірінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ішкі ресурстар бөлудегі Қазақстан Үкіметінің маңызды рөлі туралы айтылған. Сондай-ақ қарар халықаралық қауымдастықты «Зардап шеккен халықты емдеу мен оларға қызмет көрсету үшін арнайы бағдарламалар мен жобаларды әзірлеуде және жүзеге асыруда, сондай-ақ Семей өңірінің экономикалық өсуі мен орнықты дамуын қамтамасыз ету бойынша күш-жігерде Қазақстанға көмек беруге» шақырады.

Соңғы жаңалықтар