БҰҰ Бас Ассамблеясы Нельсон Мандела атындағы сыйлық тағайындады

АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас Ассамблеясының делегаттары Біріккен Ұлттар Ұйымының принциптері мен мақсатттарын жүзеге асяыруға қосқан үлесі үшін берілетін Нельсон Мандела атында сыйлық белгіледі. Бұл туралы БҰҰ баспасөз қызметіне слітеме жасап ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі хабарлады.
None
None

«Бас Ассамблея Ұйымның принциптері мен мақсаттарын жүзеге асыруға қосқан жеке адамдардың үлесі және көрнекті жетістіктері үшін Нельсон Ролихахлы Мандела атындағы БҰҰ сыйлығын тағайындауға қаулы етті», - делінген қарарда. БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның айтуынша, қарар тарихи маңызды, өйткені ол Манделаның мұраларын сақтап ұлғайтуға көмектеседі. Ол демократия мен теңдік ісіне зор қайрат жұмсаған адам болды.

Соңғы жаңалықтар