БҰҰ Бас Ассамблеясы Сирияға қатысты қарарды мақұлдады

АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қалыс қалған 59 және қарсы 12 дауысты есептемегенде 107 дауыспен Сириядағы ахуалға қатысты қарарды мақұлдады.

БҰҰ Бас Ассамблеясы Сирияға қатысты қарарды мақұлдады

muslim.kz сайтының жазуынша, аталмыш құжатта адам құқығының өрескел бұзылғаны талқыланып, жанжалға шатылған барлық тарапты зорлық-зомбылықты, соның ішінде лаңкестік әрекеттерді тоқтатуға шақырған. Делегаттар сириялықтарды диалогқа шақырды.