БҰҰ Бас Ассамблеясында «Із-түзсіз жоғалған тұлғалар» қарары қабылданды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының пленарлық отырысында Әзербайжан Республикасы ұсынған «Із-түзсіз жоғалған тұлғалар» резолюциясының консенсусы қабылданды. Бұл туралы ҚазАқпарат АЗЕРТАДЖ агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

Елдің Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап агенттіктің хабарлауынша, 62 мемлекет қарарға тең автор ретінде қосылған.

Әзербайжан көтеріп отырған құжаттың басты мақсаты - әлемде болып жатқан қарулы қақтығыстар жағдайында із-түзсіз жоғалған тұлғалар мәселесіне назар аударуды одан ары жалғастыру.

Атап өтілгендей, жоғалған адамдардың проблемасы олардың отбасыларына  азап әкелуде және шиеленістерді реттеу бағытындағы күш-жігерлерге кедергі келтіріп отыр.  

Резолюцияда мемлекеттерді халықаралық гуманитарлық құқық ережелерін құрметтеуге және ұстануға, қарулы қақтығыстар кезінде адамдардың жоғалуына жол бермеуге, жоғалған адамдарды іздеп-табуда барлық қажетті шараларды қабылдауға шақырады. Сондай-ақ, резолюция мемлекеттерді қарулы қақтығыстар жағдайында із-түзсіз жоғалған балалар мәселесіне назар аударуға шақырады.

Соңғы жаңалықтар