БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысы Чернобыль апатына арналады

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас Ассамблеясының 65-ші сессиясының аясында бүгін, 26 сәуірде өтетін арнайы пленарлық отырыс Чернобыль атом-электр стансасындағы апатқа арналады.

БҰҰ Бас Ассамблеясының   отырысы Чернобыль апатына   арналады

Бұл туралы «РИА «Новости» агенттігі хабарлады.

Мәжіліске қатысушылар Чернобыльдағы апаттың салдарын зерттеу және оның қоршаған ортаға тигізіп отырған әсерін барынша азайту жөніндегі іс-шараларды күшейту, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылайды.