БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Фидель Кастромен кездесті
Бұл туралы РАТА-ТАСС агенттігі хабарлайды.
Кастро 2006 жылы ішегіне операция жасатқаннан кейін, көпшіліктің алдына шықпай қалған болатын. Тамыз айында Куба телеарнасы Фидельдің Венесуэла студенттерімен кездесуінің бейнежазбасын көрсеткен еді, онда Кастроның денсаулығы жаман емес екені байқалған.
«Фидель Кастроның жағдайы тамаша», деп мәлім етті Бас Ассамблея төрағасы журналистерге берген сұхбатында. «Құдай әлемнің барлық революционерлерінің тілегін қабыл етті: Фидель бізбен әлі ұзақ болады», - деп мәлім етті Мигель д'Эското Брокман.
Кубада сапармен жүрген БҰҰ Бас Ассамблея төрағасы, никарагуандық священник Мигель д'Эското Кубаның Ынтымақтастық орденімен марапатталу рәсімінен кейін Кубаның Ұлттық батыры Хосе Мартидің мемориалында журналистермен кездесті.
Дүйсенбі күні басталған сапарының аясында ол Куба Парламентінің спикері Рикардо Аларконмен, Мемлекеттік хатшы төрағасының және Министрлер кеңесінің бірінші орынбасары Хосе Рамоном Мачадо Вентурамен, тағы басқа ресми тұлғалармен кездесті.