Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Израильді Сирияның егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеуге шақырды

АСТАНА. KAZINFORM — БҰҰ басшысы Израильдің 1974 жылғы күштерді ажырату туралы келісімді бұзғанын сынға алып, мұндай әрекеттерді тоқтатуды талап етті. Бұл туралы Анадолы жазды.

БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Израильді Сирияның егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеуге шақырды
Фото: Анадолы

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Израиль тарапынан жасалған бұзушылықтарды айыптап, Сирияның егемендігін және аумақтық тұтастығын толық құрметтеу қажеттігін атап өтті.

Гутерриш бұл туралы америкалық компанияға тиесілі X әлеуметтік желісінде мәлімдеме жариялады.

БҰҰ Бас хатшысы Израильдің 1974 жылғы күштерді ажырату туралы келісімді бұзуын қабылдауға болмайтынын айтып, мұндай әрекеттерді тоқтатуға шақырды.

— Сирияның егемендігі, тәуелсіздігі, бірлігі және аумақтық тұтастығы толықтай құрметтелуі қажет, — деді Гутерриш.

Бұған дейін Башар Асад режимі құлағаннан кейін Израиль әскері 1974 жылы жасалған «Күштерді ажырату туралы келісімді» бұзып, Сирияның оңтүстігіндегі Израиль бақылауына өткен Дераа және Кунейтра провинцияларында 10-нан астам әскери база мен нысан салғаны хабарланған болатын.

Еске сала кетейік, бұған дейін БҰҰ басшысы Иран мен АҚШ-ты келіссөзді шұғыл қайта бастауға шақырған болатын.

БҰҰ Бас хатшысы Асад режимі құлағаннан кейін алғаш рет Сирияға барды.