БҰҰ Бас хатшысы әке үшін декреттік демалыс жайлы пікір айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун барлық елдердің үкіметін зорлық-зомбылық пен кемсітушілікке жол берілмейтін дені сау отбасын құру үшін тиісті жағдаймен қамтамасыз етуге шақырды, деп хабарлады ТАСС.
15 мамырда тойланған Халықаралық отбасы күніне байланысты жолдауында ол жанұя құруды жоспарлау бағдарламалары мен жаңа туған сәбилердің әкелері үшін декрет демалысы тәжірибесін енгізу жайлы айтты.
Ол үкімет пен жұмыс берушілерді «қамқорлық - отбасылық өмірдің маңызды бөлігі» екенін мойындауға шақырды.